На главную Дать объявления

Кызылординская Интернет газета Сорока

Центр урологии
Камаз центр
Центры медицины в Кызылорде
Каир ночной клуб
Фармсервис
Восточная медицина в Кызылорде
АСКАДИЯ клиника
Рис от Абай Даулет
Клиника ALEXEY SULTAN AKHMET
Ледовый дворец Кызылорды
Даму фонд развития
Медколледж
Радуга колбасный двор
Экперт автосервис
"Шанырак" отель в Кызылорде
Клиника "Сеным"
КолМастер
Шакир дантист
Поликлиника №3
Школы Кызылорды
Поликлинника 1
Новая диагностика
Клиника доктора Матаева
Витамед клиника
Досжановы в Кызылорде
Слуховые аппараты в Кызылорде
Кызылординский областной “Наркологический центр"
Колледж им. Абдукаримова
Родильный дом
Фарматека
Оптика ТВ
"Жаншуак" ремонт оргтехники
Оценочная компания
Казахтелеком
Лечебно диагностический комплекс
Столовые "Тагам"
Гранд Плаза ресторан
Ансар Сервис
Газ на бензин Бахтияр Авто
ТОО «SCS Инжиниринг»
Металл из России в Кызылорде
Асар Курылыс
Ер Ару-2
Пегас сервис
Геннпласт
Шибер принт
Магазин 1000 мелочей
Стекло на любой вкус
Магазин Термотехника
Сыр Арал сараптама
Ремонт кассовых аппаратов
Всё из метала "Сымбат-7"
ГПС и щебень в Кызылорде
Кызылорда тазылыгы
Тогжан магазин
Строительный магазин "Арсенал"
База Тепломонтаж
Профнастил с полимерным покрытием
ТОО "КВАНТ" в Кызылорде
ТОО «РЕАЛ ОПТ»
Чистка ковров "Каспий"
Холодильные камеры
Адам-2 магазин
Орда принт
Автоломбард
Гранд технолоджи
Автоломбард Тас кредит
Спецодежда

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ конференция


«ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯБОЛЫП ӨТТІ

2018 жылғы 26 қазанда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын насихаттауға бағытталған «Ұстаз мәртебесі – Ұлт болашағы» атты облыстық конференцияболып өтті.

Конференцияға жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының директорлары мен ұстаздары, студенттер, мектеп мұғалімдері мен балабақша меңгерушілері, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ, БАҚ,жастар өкілдері қатысты.

Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Маханов Талғат Толыбайұлы кіріспе сөзімен бастап, Жолдауда айтылған негізгі де нақты мәселелерге сондай-ақ, реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын жеткізіп берді.




















«Жолдаудағы міндеттердің орындалуы Қазақстанның әлемдегі технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне ықпал ететін болады. Бүгін де біздің мұғалімдеріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қаншалықты артса, соншалықты еңбектегі тиімділігі мен маңызды шешімдер қабылдауда өзінің оң нәтижелерін береді. Педагог кәсібінің мәртебесі мен имиджін арттыра білсек, сонда ғана қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауға қабілетті боламыз», - деді Талғат Толыбайұлы.
Конференция модераторы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу - тәрбие ісі жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Жүнайдұлы Елбасының алдымызға қойған II міндетіне Тұрмыс сапасын артыруға тоқталды.

Сонымен бірге конференция барысында ұстаздар қауымы Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттерге қатысты баяндамалар оқыды. Атап айтар болсақ:
1. Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы.
2. Қорқыт ата атындағы ҚМУ университетінің педагогика-психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Майгелдиева Шарбан Мұсабекқызы. Баяндама тақырыбы: «Статус педагога-основа развития образования».
3. Қызылорда облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушысыБасанова Ақманат Серікқызы. Баяндама тақырыбы:«Ұстаз мәртебесін көтеру-уақыт талабы».
4. «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі Қасенова Салтанат Рашитқызы.Баяндама тақырыбы: «Педагог мәртебесі».
5.№15 мектеп-лицейінің директоры Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы.Баяндама тақырыбы:«Ұстаз мәртебесі – ұлт болашағы».
Кездесу соңында қатысушыларға таратпа материалдар, Елбасы Жолдауына арналған әдістемелік нұсқаулық таратылды.








2018 жылдың 14 қыркүйек күні Облыстық ішкі саясат басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ" университетінің мәжіліс залында "Отбасы - бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжымы" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараға университет ұстаздары, ҮЕҰ-ның өкілдері, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаттың облыстық хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахмедуллақызы, Аймақтық "Рухани жаңғыру" орталығының "Тәрбие және білім" бөлімінің басшысы Әбдіқалықова Әлима Жақыпқызы қатысты.
Шара барысында баяндамалар оқылып, облыс көлемінде отбасылық-демографиялық саясаттың жүргізілуі, пікір алмасу болды.





11 қыркүйек күні Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауын және Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттауға бағытталған "Рухани жаңғырудың негізі - ұлттық тәрбие" атты кездесу өтті. Кездесуде студенттер, ұстаздар және арнайылап шаұырылған қонақтар баяндама жасады. Кездесуді Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Аңсатова Меруерт Нағыметқызы, Аймақтық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы жүргізді.
Кездесуде Елбасымыздың жолдауы және мақаласы бойынша баяндамалар оқылып, қатысушылар пікір алмасты. Шара соңында баяндамашылар алғыс хаттармен марапатталд



молодёжь участвующая в играх 2
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық - ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 тамыз күні сағат 10.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде XlV өңірлік Дельфий ойындары өткізілді.

Өңірлік жастар Дельфий ойындары өнердің Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және көбейту жастарды өзге мәдениетті сыйлау және оларға қызығушылық таныту рухында тәрбиелеудің жоғары форумы ретіндегі Дельфий ойындардың бүкіл әлемде нығайып келе жатқан идеясын іс жүзінде дамыту мақсатында өткізіледі.

Дельфий ойындар – классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс, соның ішінде фортепиано, баян және ұлттық аспаптар, халық әні және эстрадалық ән, би түрлері, бейнелеу өнері және тағы басқалар.
Дельфий ойындардың жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфий кеңес құрылған кезден басталды. 19 ел өкілдерінің штаб-квартирасы Берлинде орналасқан. Аталмыш шараны халықаралық үкіметтік емес ұйымдар ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде ұлттықДельфий кеңестер құрылды. Мұндай кеңес Қазақстанда 2004 жылы құрылды.

Бүгінгі таңда Дельфий ойындар – өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне маңызы зор іс-шара болып табылады. Дельфий ойындарға қатысу және жеңімпаз атану ең жоғары деңгейде танылып, өзінді мойындату деген сөз. Ойындарды өткізу Қазақстанның болашақ мәдени элитасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Өңірлік жастар Дельфий ойындарына Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 21 номинация бойынша 160-тан аса шығармашыл жастар қатысты.

Биылғы жылғы Қызылорда өңірлік Дельфий ойындарынан жоғарыда аталған номинациялар бойынша топ жарып, озып шыққан жеңімпаздар Республикалық XlV ұлттық жастар Дельфий ойындарына жолдама алды.
Қосымша ақпараттарды «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресурстық орталығы» қоғамдық қорынан алуға болады.
Байланыс телефондары: 8707 282 65 15, 8708 328 22 93.
Как найти Университеты и колледжи в Кызылорде, готовящих кадры для различных областей экономики, частные школы и курсы обучения их адреса и телефоны. Детские сады и обучающие центры, частные начальные школы и автошколы вы найдёте посетив данную категорию.