На главную Дать объявления

Кызылординская Интернет газета «Сорока»

Родильный дом
Центры медицины в Кызылорде
Экперт автосервис
ОМЦ
Нур шипажайы
Арбат
«B.B.NURA» гемодиализный центр
Клиника "Сеным"
КолМастер
Магазин кондиционеров
4 поликлиника
Шакир дантист
Поликлинника 1
Клиника доктора Матаева
Витамед клиника
Досжановы в Кызылорде
Наркоцентр
Фарматека
Ансар Сервис
Асар Курылыс
Геннпласт
Строительный магазин "Арсенал"
ТОО "Комфорт-1KZ"
Азия строй
Магазин Термотехника
Сыр Арал сараптама
Ремонт кассовых аппаратов
КЗМК
МеталСтройОрда
Тогжан магазин
Миленниум
Бетонные заводы Кызылорды
База Тепломонтаж
Адам-2 магазин
Орда принт
Гранд технолоджи
Кызылорда тазылыгы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №352-VI Заңымен бірқатар заңнамалық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды. 
Атап айтқанда: 90-6-бап “Монополияға қарсы органның құзыреті” мынадай мазмұндағы 39-2) және 39-3) тармақшалармен толықтырылды:
Монополияға қарсы орган:  
39-2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
39-3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторингті жүзеге асырады;
164-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Нарық субъектісі: 
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы; 
 175-баптың 1-тармағы монополиялық жоғарғы баға ұғымына өзгеріс енгізілді:
"1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде:
1) тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:
      тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;
      тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы өзгеріссіз қалса не тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі болмашы болса;
      тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;
2) тауардың бұрын белгіленген бағасын түсірмеу арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:
      тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар елеулі түрде төмендесе;
      тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін туғызса;
      тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, егер бұл баға осындай тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.";

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысу негіздері 7-ден 5-ке дейін қысқартылды. 
192-баптың 1 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылды:
      "1. Мемлекет мынадай:
      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
      2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
      3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
      4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не оның даму деңгейі төмен болған;
      5) қызметті бұрын құрылған мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
      Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
"9. Осы баптың 4-тармағы бірінші және екінші бөліктерінің 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.";
195-бап 3) тармақшадағы "мониторинг жүргізеді." деген сөздер "мониторинг;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылды:
      "4) тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізеді."; 
Бұдан басқа, бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР Заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарламаның орындалу мерзімін күнтізбелік 30 күнге дейін ұлғайту, сондай-ақ оны ұзарту мүмкіндігі белгіленді.
Тел: 8 707 387 99 77.
Общественные объединения и коммерсанты города, крупные поставщики товаров народного потребления, товара телекоммуникационного оборудования ищут партнёров для совместного ведения бизнеса. Волонтёрские клубы принимают в свои ряды желающих помочь городу.