На главную Дать объявления

Кызылординская Интернет газета «Сорока»

Родильный дом
Центры медицины в Кызылорде
Экперт автосервис
ОМЦ
Нур шипажайы
«B.B.NURA» гемодиализный центр
Клиника "Сеным"
КолМастер
Магазин кондиционеров
4 поликлиника
Шакир дантист
Поликлинника 1
Фарматека
Ансар Сервис
Асар Курылыс
Геннпласт
Строительный магазин "Арсенал"
ТОО "Комфорт-1KZ"
Азия строй
Сыр Арал сараптама
Ремонт кассовых аппаратов
КЗМК
Миленниум
Бетонные заводы Кызылорды
База Тепломонтаж
Адам-2 магазин
Орда принт
Гранд технолоджи
Кызылорда тазылыгы

Үстем немесе монополиялық

Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне  қойылатын шектеулер

Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектілерінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектілеріне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай деп танылады.
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), оның iшiнде:
      1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
      2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану, оның ішінде бұл тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын түрлі шығындарға, сату көлемін, төлеу шарттарын, шарттың қолданылу мерзімдерін ескеретін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына байланысты болса;
      3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
      4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
      5) өтініш жасалған кезде тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасу туралы ұсынысқа күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару сияқты әрекеттеріне тыйым салынады.
      Бұл ретте бас тарту не жалтару, егер сатып алушы өтініш жасаған кезде өндірілетін немесе өткізілетін тауардың талап етілетін көлемі, оның ішінде тиісті тауарды сату туралы шарттар жасалуына байланысты болмаған жағдайда, негізді деп саналады;
      6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
      7) өндiру немесе беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың, нарық субъектілерінің сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемдерiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) беруді тоқтату;
      8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналыстан алып қою;
      9) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу;
      10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
      11) сол бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік шарттар жасау сияқты әрекеттерiне тыйым салынады.
        Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 159 бабының 3-тармағына сәйкес, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, - монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
        

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда 
облысы бойынша департаменті
Тел: 8 775 444 01 22
Общественные объединения и коммерсанты города, крупные поставщики товаров народного потребления, товара телекоммуникационного оборудования ищут партнёров для совместного ведения бизнеса. Волонтёрские клубы принимают в свои ряды желающих помочь городу.