Подать объявление
Подать объявление

Подать объявление

Құқықтық оқыту






ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің Монополияға қарсы ден қою шаралары туралы 226-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді. 2023 жылдың 24 наурызында бас маман М. Айтхожамен өткізілген құқықтық оқыту барысында осы Кодекстің нормалары бұзылған кезде нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар: 1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықты тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, орындалуы міндетті нұсқамада көзделген өзге де әрекеттерді орындауға; 2) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге; 3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті екені талқыланды.

Сондай-ақ, нұсқама монополияға қарсы орган белгілеген ақылға қонымды мерзімде орындалуға жатады. Нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектісін, мемлекеттік органды, жергілікті атқарушы органды монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы. Жиын соңында талдауға байланысты сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді.

Кызылорда, тел: +7 (707) 950-99-77. 

(12.04.2023).

Нашли ошибку в тексте на сайте? Помогите нам ее исправить! Выделите её и нажмите Ctrl + Enter

Приглашаем к сотрудничеству

В данной категории размещены Общественные объединения, крупные поставщики товаров народного потребления, телекоммуникационного оборудования, которые ищут себе партнёров для совместного ведения бизнес или продаж. Различные волонтёрские клубы принимающие в свои ряды желающих помочь городу.