На главную Дать объявления

Кызылординская Интернет газета «Сорока»

Родильный дом
Центры медицины в Кызылорде
Экперт автосервис
ОМЦ
Нур шипажайы
Арбат
«B.B.NURA» гемодиализный центр
Клиника "Сеным"
КолМастер
Магазин кондиционеров
4 поликлиника
Шакир дантист
Поликлинника 1
Клиника доктора Матаева
Витамед клиника
Досжановы в Кызылорде
Наркоцентр
Фарматека
Ансар Сервис
Асар Курылыс
Геннпласт
Строительный магазин "Арсенал"
ТОО "Комфорт-1KZ"
Азия строй
Магазин Термотехника
Сыр Арал сараптама
Ремонт кассовых аппаратов
КЗМК
МеталСтройОрда
Тогжан магазин
Миленниум
Бетонные заводы Кызылорды
База Тепломонтаж
Адам-2 магазин
Орда принт
Гранд технолоджи
Кызылорда тазылыгы

Управление спортом

Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың өңірлік алау эстафетасының бағдары бекітілді.

Алау эстафетасы дәстүрі Олимпиада және Студенттік ойындары алдында жүргізіліп отырады. 2017 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласы Назарбаев университетінде 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алау Эстафетасы басталады. Әрбір облыс орталығында өз алауының жағылуы және өз Эстафета кезеңдері өткізіледі.
26 қаңтар – Алау мына облыс орталықтарында тұтандырылады: Петропавл қ., Көкшетау қ., Павлодар қ., Қарағанды қ. және Өскемен қ.;
27 қаңтар – Орал қ., Ақтөбе қ., Атырау қ., Ақтау қ.; 28 қаңтар – Қызылорда қ., Тараз қ., Шымкент қ., Талдықорған қ.; 29 қаңтар – Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алауды жағу іс-шарасы өтеді.

Эстафета алауының жергілікті кезеңдері өткеннен кейін, Алау автомобиль, темір жол және әуе көлігімен Алматы қаласына жеткізіледі. Алматыға Алауды жергілікті кезеңдердің негізгі қатысушылары алып келеді, одан кейін олар қысқы Ойындардың ашылу салтанатына қатысады.
14 өңірдің Алауы Алматыда шоғырланғаннан соң, 29 қаңтарда, соңғы Эстафетаның 16-шы кезеңі басталады, Алау оңтүстік астана көшелері бойымен жүріп өтіп, жаңа 12 мың орындық мұз сарайында Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы 2017 Универсиадасының ашылу салтанаты шарықтау сәтімен мәреге жетеді.

Алау эстафетасына 1000 алаугер қатысады, олардың: 100-і Алматыдан, 900 алаугер өңірлердің аудан орталықтарынан және Астана қаласынан, 60-ы әр өңірден.
Өңірлік Алау эстафетасынан Қызылорда қаласы 2017 жылғы 28 қаңтарда 2 кезеңде ұсынылған бағыттар бойынша өткізіледі.
Алау Эстафетасының бағдары бекітілді.




Қызылорданың «ҚАЙСАР» гандбол клубы клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды!

Қызылорда облысында 26 қазан – 1 қараша аралығында гандболдан әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының 1ші Азия чемпионаты аяқталды.
Оған Иран, Катар, Өзбекстан және Қазақстаннан 6 клуб қатысып, жеңімпаздар анықталды.

















Нәтижесінде 10 ұпаймен Қызылорданың «Қайсар» гандбол клубы бірінші орынды иеленіп, автобустың кілті табысталды.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының бірінші Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы болып «Қайсар» клубы атанды.
8 ұпаймен екінші орынды «Алматы» ГК иеленсе, 6 ұпаймен үшінші орынды Алматы облысының «Іле» клубы еншіледі.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом, кубоктармен марапатталды. 





Қызылордалық спортшылар тректен командалық жарыста бірінші орынды иеленді!

Астана қаласында тректен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында қызылордалық спортшылар 4 шақырымдық командалық жарыста бірінші орынды иеленді.

Команда құрамында облыстық жоғары спорт шеберлігі және №3 велоспорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер мектептерінің тәрбиеленушілері Асылхан Тұрар, Карим Бузин, Мади Әзен және Роберт Гайнеевтер өнер көрсетті.

Сондай-ақ, мэдисон сынында Асылхан Тұрар мен Роберт Гайнеев, топтан шығып кету жарысында (гонка с выбыванием) және ұпай санымен топтық жарыста Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.
 Жалпы жарысқа еліміздің он үш облысынан 100-ден аса спортшы бақ қатысты.








Сырдарияда волейболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды

22-24 қыркүйек аралығында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде волейболдан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында 18-ші халықаралық турнир өткізілді. Оған еліміздің 8 облысынан 22 команда, 250 спортшы қатысты.

Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Сырдария ауданының командасы 1-орынды иеленіп, осымен 11-ші мәрте жеңімпаз атанды. Екінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ, үшінші орынға Павлодар облысының Екібастұз қаласы ие болды.










«Үздік қорғаушы» - Сақыпжан Атаханұлы (Түркістан)
«Үздік үйлестіруші» - Жасур Мырзадавлетов (Қарабұлақ)
«Үздік либеро» - Әнуар Қалиев (Павлодар)
«Үздік шабуылшы» - Егор Кремер (Екібастұз)
«Үздік ойыншы» - Дәулет Русланов (Сырдария)
«Үздік төреші» - Ғалымжан Абдраймов (Жаңақорған)
Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, медаль, кубок және ақшалай сыйақымен марапатталды. 




Мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы аяқталды

Қызылордада 22 маусым – 7 шілде аралығында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Биыл жиырма бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 30 команда, мыңнан аса мемлекеттік кызметшілер спорттың 9 түрінен сынға түсті.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-топта облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды шекара отряды әскери бөлім 2019 командасы алса, үшінші орынды облыстық білім басқармасы иеленді.
 2-топта мемлекеттік кірістер департаменті үздік шықты. Ақпараттық технологиялар орталығы II орынды, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы III орынды еншіледі.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, кубоктармен марапатталды. 













Қызылордалық Нұрсұлтан Көлдеев гір спортынан
Әлем кубогына және чемпионатына жолдама алды!


Астана қаласында гір спортынан және қол күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Айтулы сында гір спортынан сынға түскен жерлесіміз Нұрсұлтан Көлдеев жеңіс тұғырына көтерілді.

Ол 68 келі салмақ дәрежесінде 32 келі гір тасын серпе көтеруде 95 рет, жұлқа көтеруде 55 рет көтеріп, нәтижесінде 140 ұпай жинады.
 Нұрсұлтан енді қыркүйек айында Лас-Вегаста болатын Әлем кубогына және қазан айында Ақтөбеде өтетін Әлем чемпионатына қатысады. 




Гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс басталады
13-14 ақпан күндері Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс өтеді.



Гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс аяқталды

Үстіміздегі жылдың 13-14 ақпан күндері Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде гір көтеру және қол күресінен облыс біріншілігі аяқталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы, барлық аудандар және облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі, «Болашақ», «Өркениет» медицина колледждері және жастар орталығынан 15 команда, 160-қа жуық спортшы бақ сынады.

Жеңімпаздар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хат, естелік сыйлықтарымен марапатталса, жарыс демеушілері «Ата Заң» корпорациясы, магазин «Тотем» және «Заң Заңғары» компанияларының медальдары табысталды.





























Гір көтеру сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
63 келі салмақта:
I орын Ерсұлтан Жалғасбаев (ТЖД)
II орын Марат Тлеужанов (Арал ауданы)
III орын Бахтияр Баймахан (Жастар орталығы)
68 келі салмақта:
I орын Бағдат Әлжанов (ТЖД)
II орын Қайрат Разақов (Арал ауданы)
III орын Әділ Диханбаев (Жаңақорған ауданы)
73 келі салмақта:
I орын Ғани Жолмырзаев (Қазалы ауданы)
II орын Ерсұлтан Әнуарбек (Жаңақорған ауданы)
III орын Бағдәулет Қожахметов (Шиелі ауданы)
78 келі салмақта:
I орын Бағдат Еламанов (ТЖД)
II орын Азамат Ақылбеков (Қызылорда қ.)
III орын Мұрат Махамбетов (Арал ауданы)
85 келі салмақта:
I орын Ермек Пазлиев (ТЖД)
II орын Нұрлан Ахметов (Жаңақорған ауданы)
III орын Бағдат Бекшеев (Сырдария ауданы)
95 келі салмақта:
I орын Руслан Рахметов (ТЖД)
II орын Алмат Ергешбаев (Жаңақорған ауданы)
III орын Әлихан Әміржанов (Қазалы ауданы)
+95 келі салмақта:
I орын Жандәулет Өндірей (ТЖД)
II орын Нұрлан Сенбеков (Жалағаш ауданы)
III орын Расим Іскендіров (Жаңақорған ауданы)
Қол күресі сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
55 келі салмақта:
I орын Берекет Сәрсенбаев (Қазалы ауданы)
II орын Бауыржан Сарманқұлов (Шиелі ауданы)
III орын Қанжарбек Әбділдаев (Жаңақорған ауданы)
60 келі салмақта:
I орын Михаил Лян (Қармақшы ауданы)
II орын Меделхан Құламетов (Жаңақорған ауданы)
III орын Бекзат Пахтаев (Қармақшы ауданы)
65 келі салмақта:
I орын Бахтияр Ермек (Жаңақорған ауданы)
II орын Ғалымжан Сейілханов (Сырдария ауданы)
III орын Асхат Аймахан (Қазалы ауданы)
70 келі салмақта:
I орын Арафат Бисенбайұлы (Жаңақорған ауданы)
II орын Мейіржан Балабеков (Шиелі ауданы)
III орын Наурызбай Жұмабай (Қазалы ауданы)
75 келі салмақта:
I орын Роман Швец (ТЖД)
II орын Ғалымжан Қабылбаев (ТЖД)
III орын Ержан Пірімжанов (Жалағаш ауданы)
80 келі салмақта:
I орын Ғабит Оңғарбек (Жаңақорған ауданы)
II орын Ердаулет Берденов (Шиелі ауданы)
III орын Абай Жүнісов (ТЖД)
85 келі салмақта:
I орын Ақсұңқар Бектасов (Қорқыт ата ҚМУ)
II орын Алмат Демеуов (Қармақшы ауданы)
III орын Алмат Аралбаев (Қазалы ауданы)
+85 келі салмақта:
I орын Евгений Пя (ТЖД)
II орын Айбек Майлыбаев (ТЖД)
III орын Марат Қуанышбаев (Қызылорда қ.)

г. Кызылорда, Центральный стадион им Г. Муратбаева. Тел: 23 03 56.
Адреса спорткомплексов и Ледовых дворцов. Тренажерные залы и борцовские клубы, школы бокса, федерации каратэ, фитнес, шейпинг, бодибилдинг, йога. Все спортивные комплексы оснащены современными тренажерами и лучшими тренерами знатоками своего дела. Занятие спортом снижение нервного напряжения, обретение спокойного состояния и жизнерадостности, уверенности в себе.