Подать объявление
Подать объявление

Подать объявление

ТОО «Қызылорда Тазалығы»

ТОО «Қызылорда Тазалығы». Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22сәуірдегі Заңына сәйкес және «Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2013жылғы 23 қаңтардағы №6-НҚ Бұйрығының негізінде Қызылорда қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – Серіктестік) құрылсын.
2.Серіктестіктің органы: Серіктестіктің жоғары органы - Қызылорда қаласының әкімдігі.
3.Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
4.Серіктестіктің жарғысы осы қаулының қосымшасына сәкес бекітілсін.
5.«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

6.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.Төрәлиевке жүктелсін.
7.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

ТОО «Қызылорда Тазалығы» техника


ҚАЛА ӘКІМІ: М.ЖАЙЫМБЕТОВ
Кызылорда, м-он "Акмечеть" б/н. Тел: 22-35-42

Нашли ошибку в тексте на сайте? Помогите нам ее исправить! Выделите её и нажмите Ctrl + Enter

Чистка / Уборка

Компании химчисток города. Уборка квартиры и офисов, чистки и стирки ковров, дезинфекция от насекомых и грызунов.